Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Құрметті ата-аналар, әріптестер, құрметті гимназия оқушылары!

Құрметті ата-аналар, әріптестер, құрметті гимназия оқушылары!

14-12-2017 19:05

Осыдан тура 26 жыл бұрын, 16 желтоқсанда 1991 жылы әлемнің саяси картасында жаңа егеменді мемлекет – Қазақстан Республикасыпайда болды. Біздің халқымыз бостандық пен тәуелсіздікті армандады,бүгінгі күні сол тәуелсіздікке қолы жетті. Н.Ә.Назарбаев айтқандай: "Тәуелсіздік алғаннан кейін біздің еліміз сенімді дамудың және жасампаз өзгерістердің орнықты жолына түсті. Жылдан жылға халықтың әл-ауқаты өсті. Қазақстан әлемдік қоғамдастықта үлкен беделге ие болды, елдің халықаралық беделі де нығайып келеді".

Біздің нақты бағдарымыз бар. Бұл бағдарлар 16 желтоқсанда қаланды. Содан бері бұл күнді мейрамдау біздің ертеңгі күнге деген үлкен сенімімізді жыл сайын нығайтуда.

Еркіндік пен тәуелсіздікті нығайту ісінде бір де бір қазақстандық шет қалған жоқ. Өз білімдерімен гимназия оқушылары да болашаққа деген сенімдерін дәлелдеуде. Дарынды оқушылар жиналған мектеп қабырғасында оқушылар алған білімдерін кейінірек оларды тәжірибеде қолданып,келешекте елімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып, еліміздің қалаулы азаматтары болатындығына біз сенеміз.

Бостандық рухын бойына сіңірген, Сіздер, келешек жас ұрпақ, бүгінгі күні өздеріңіздің шығармашылық жетістіктеріңізбен, игі істеріңізбен біздің гимназияның ғана емес, облыстың, бүкіл республиканың атын шығаруда еңбектеріңіз ерекше .

Есіңізде болсын, береке және тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі – біздің қолымызда!

Әр үйге және әр отбасына денсаулық пен бақыт, молшылық және ырыс-береке тілеймін!