Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
«Туған өлкем» жобасы

«Туған өлкем» жобасы

09-03-2018 11:47

Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында «Туған өлкем» жобасы жүзуге асырылуда.

Жобаның мақсаты: туған өлкенің тарихын, мәдениетін, табиғатын, ұлы тұлғалардың өмірін зерттеу. Бұл жобаға гимназияның 1-11 сынып оқушылары қатысады. Гимназистер қазіргі замандағы туған өлкенің даму тарихымен танысады. Жұмыс тиімді де, жүйелі болу мақсатында оқушылар «Жол күнделігін» жүргізуде. Онда өз жұмыстарына есеп жүргізіп, жұмыс жоспарларын жазып отырады. Мұғалімдер 1-4, 5-8, 9-11 сыныптары үшін жеке бағыт құрастырды. Әр гимназист әдебиет, мұражай, Ертіс өңірінің тарихы, салт-дәстүрі, қазақ халқының өмірі мен өлкеміздің ұлы адамдарының шығармашылығын зерттеу бойынша тапсырма алды.