Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
ОЖСБ

Жалпы орта білім беру ұйымдарында  оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу  

9-сыныптарда On-line тестілеуді өткізу кестесі (4.02.2016)


2015-2016 оқу жылында Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ-сінің оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Өткізу мерзімі

Орындаушы

1.

9 сыныптарда ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу бойынша жауапты адамды тағайындау

Қыркүйек 2015 жыл

Қарамбаев Ж.П.

2.

Сырттай бақылау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізу

Қыркүйек 2015 жыл, қаңтар 2016

Исмағұлова З.М.

3.

Мұғалімдер мен оқушыларды ОЖСБ бойынша нормативтік құжаттармен таныстыру

Қыркүйек 2015 жыл

Исмағұлова З.М.

4.

Оқушылар жайында үлгі бойынша мәліметтер жинау

Қыркүйек 2015 жыл

Исмағұлова З.М.

5.

ОЖСБ қатысатын оқушылар жайында деректер базасын жасау

Желтоқсан 2015 жыл

Суженова Б.С.

6.

9 сыныптарда ОЖСБ мәселелері бойынша оқушылармен консультациялар, сұхбаттар ұйымдастыру

Қазан 2015 жыл

Пәнмұғалімдері

7.

2012 жылғы ОЖСБ-ның форматы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу

Қыркүйек 2015, қаңтар-ақпан 2016 жыл

Исмағұлова З.М.

8.

ОЖСБ-ға дайындық бойынша тест тапсырмаларының үлгі нұсқаларын  жасау

қазан 2015

Пәнмұғалімдері

9.

9 сынып оқушыларын тест материалдарымен жұмыс жасауға үйрету

қазан, қаңтар-ақпан

Исмағұлова З.М.

10.

9 сыныптарда ОЖСБ кіретін пәндерден  дайындық тестерін өткізуді ұйымдастыру

қазан-сәуір

Исмағұлова З.М.

11.

ОЖСБ қатысушы мен ата-аналар жиналысын өткізу

Қазан, қараша 2015қаңтар 2016

Исмағұлова З.М.

Сынып жетекшілері

12.

Гимназиядағы комиссияның құрамын қалыптастыру

Наурыз 2016 жыл

Исмағұлова З.М.

13.

ОЖСБ өткізуге аудитория дайындау

Сәуір 2016жыл

Исмағұлова З.М.

14.

Аудитория және коридор бойынша кезекшілерді тағайындау

Сәуір 2016жыл

Исмағұлова З.М.

15.

Ережеге сай кезекшілердің жұмысын ұйымдастыру

Сәуір 2016жыл

Исмағұлова З.М.

16.

ОЖСБ  ұйымдастыру және өткізу

Сәуір 2016 жыл

Исмағұлова З.М.

17.

ОЖСБ-ның қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді беру

Сәуір 2016жыл

Исмағұлова З.М.

18

Негізгі орта білімнің оқу пәндері бойынша 2015-2016 оқу жылындағы ОЖСБ-ның қорытындылары бойынша салыстырмалы талдауын  ұсыну

Мамыр 2016жыл

Исмағұлова З.М.

19

ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат беру

мамыр 2016жыл

Исмағұлова З.М.

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы «6» cәуірдегі
№ 151 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық 

Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.

3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.

2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу

5.Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:

негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;

жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

6. Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ  білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

7. ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері  және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады.

8. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі.

9. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.

10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі  және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі.

11. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.

12. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.

13. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.

14. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүргізіледі.

15. ОЖСБ-ның нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

16. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.

17. Тестілеуді жүргізуге дайындық барысында оқушылармен тестілеу материалдарын толтыру бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіледі, ОЖСБ рәсімін өткізу тәртібімен таныстырылады.

Оқушыларға:

  1) бір орыннан екінші орынға ауысуға;

  2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;

  3) тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;

  4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;

  5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;

  6) кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға

рұқсат етілмейді.

 

2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН (СОНЫМЕН БІРГЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН) ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ

НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (одан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ барысында қолданылды.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.