Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Гимназияға қабылдау

Гимназияға қабылдау Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының 5 тармағының негізінде (Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген)" конкурс бойынша өткізіледі. 

5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

16. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

17. Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқуға қабылдаудың қосымша конкурстық турларын белгілейді. Оқушыларды іріктеудің мазмұны мен нысаны, қабылдау, ауыстыру және бітіру тәртібі аталған білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
 18. Жалпы білім беретін лицейлер мен гимназиялар белгілі бір шағын учаскеде тұратын балалардың Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында анықталған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды құрады.


Анықтама үшін 55-16-71 (қабылдау бөлмесі)  телефонына хабарласуға болады