Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Мәңгілік Ел

http://strategy2050.kz


МӘҢГІЛІК ЕЛ – ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ

 

 

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан халықтың мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ.

Мәңгілік ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен
2014 жылғы 15 желтоқсан 

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан, Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәс­түр­лерін жалғастырған Қазақстан аза­маттары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік ту­ралы арманын іске асырып, болашақ ұр­пақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтас­тықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негіз­ге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осыны қабылдаймыз.
 МӘҢГІЛІК ЕЛ – 
ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІН
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың көшбасшылығымен жаңа Қазақ­стан­ның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауап­­кершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бү­гінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуат­ты әрі табысты мемлекеттің азама­ты­мыз деп мақтанышпен айтамыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік тол­ғауын» негізге ала отырып, Болашағы бір­тұ­тас  ел – мәңгілік елді құру жолында бір­г­еміз.
Мәңгілік елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қым­бат ақиқаттар – отбасымыздың аман­дығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақ­тылық, қауіпсіздік және бірлік, ер­тең­гі күнге деген сенім ұғымдары орнық­қан.
Біз Мәңгілік елдің мызғымас Жеті тұ­ғы­рын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан- ұрпақ­қа аманат етуге шақырамыз.
Мәңгілік ел, бұл – Тәуелсіздік және Аста­на.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әр­қашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қа­зақ­­стан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ор­­тақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құнды­лық­тар­дың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзі­мізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкін­дік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Мәңгілік ел, бұл – Инновация не­гізін­дегі тұрақты экономикалық өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және ин­н­овациялық күш-қуатын дамытып, та­би­ғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқып­ты­лықпен қарап, қоғамда білім мен ғалым­дық культін елдің зияткерлік іргетасы ре­тінде бекітетін боламыз.
Мәңгілік ел, бұл – Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетіс­тік­тері – барша қазақстандықтардың күн сайын­ғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасам­паз­дық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жа­сай отырып, еңбексүйгіштік және жауап­­кершілік, Еңбек адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайта­мыз.
Мәңгілік ел, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақ­тайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуан­дығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктіру­дің негізі, үштілділікті елдің бәсекеге қабі­лет­тілігінің басты шарты ретінде дамыту қа­ғи­датын ұстанатын боламыз.
Біз – Үлкен ел – Үлкен отбасымыз.
Мәңгілік ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік жә­не Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір аза­маттың, өз елі патриотының қасиетті па­рызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын іл­ге­рілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Біз Мәңгілік елдің қастерлі құндылық­тарын басшылыққа аламыз.
Біз Отанымыздың көк байрағын асқақ­тата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қа­зақ­стан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
 
Біртұтас еліміз – Мәңгілік ел қуатты болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені – 
Ұлы дала еліне бата қонып, бақ дарысын!
Алға, Қазақстан! 

 


Все права защищены. При использовании материалов nurotan.kz гиперссылка обязательна.

При использовании материалов nurotan.kz:
- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является электронный портал www.nurotan.kz.