Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Критериальное оценивание

Құрметті мұғалім!

Критериалды бағалау жүйесін енгізуге байланысты бағалау рәсімдерін түсіндіру мен түсінуде болып жатқан қателіктерге қатысты түрлі жағдайлар туындауда. Бұл жағдайлар білім басқармасы мен мектеп әкімшілігі тарапынан болып жатқан тексерулер салдарынан ұлғая түсуде.

Бірқатар негізгі кезеңдеріне назар аударып көрейік:   

1.  Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (оқуда қолдау көрсету мақсатында) және жиынтық бағалаудан (оқу нәтижелерін өлшеу мақсатында) тұрады.

2.  Қалыптастырушы бағалау кезінде балл және баға қою жүргізілмейді. Мұғалім қалыптастырушы бағалауды қалай өткізу керектігін өз бетінше анықтайды.

3.  Қалыптастырушы бағалау нәтижесінде қажет болған жағдайда оқушы мен оның ата-анасын ақпараттандыру жұмысы жүргізіледі. Ақпарат ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген түрде берілуі мүмкін.

4.  Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін және тоқсанды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы өткізіледі.

5.  Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім өзі жүзеге асырады.

6.  Портфолио үшін мұғалім тек жиынтық бағалау жұмыстарын жинақтауы қажет. Жиынтық жұмыстарын рәсімдеу үлгісін (дәптерлер, парақтар, жобалар және т.б.) мұғалім өз бетінше анықтайды. Қандай да бір басқа құжаттарды (оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, грамоталарын, есептерін және т.б.) мұғалім портфолиоға өз шешімі бойынша енгізеді.  

7.  Білім алушылардың балл түріндегі жиынтық бағалау нәтижелері балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес (5 балдық шәкіл бойынша) тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады.

Жаңа бағалау жүйесін дұрыс және бірыңғай түсінуге қол жеткізу мақсатында Критериалды бағалау жүйесін өткізудің тәртібі туралы нұсқаулықпен және түсініктеме беретін бейнематериалдармен танысуларыңызды өтінеміз. Барлық материалдарды төмендегідей сілтемелер арқылы көшіріп ала аласыз:

1.    Критериалды бағалау жүйесін өткізудің тәртібі туралы нұсқаулық.

2.    Оқушыларды критериалды бағалау жүйесінің негіздемесі.

3.    Оқушыларға критериалды бағалау өткізудің тәртібі туралы.

4.    Қалыптастырушы бағалауға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.

5.    Жиынтық бағалауға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.

Егер критериалды бағалауға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, сіз ол сұрағыңызды «Жүйелік-әдістемелік кешен» порталындағы (smk.edu.kz) Педагогикалық өлшеулер орталығының мамандарына қоюыңызға болады және пікір алмасып, кеңес алуыңызға болады.

Сонымен бірге аталған порталда критериалды бағалауға қатысты материалдар кешені (мұғалімге арналған нұсқаулық, тапсырмалар жинағы, әдістемелік ұсыныстар, бейне-таныстырылымдықматериалдар, оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпараттық брошюралар) толығымен бар, олар қарап шығуға және жүктеп алуға қолжетімді.

Құрметпен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы 

 

Сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/Hz4p/8ATa2pRf5