Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Ғажайып Жаңа Жыл кешінде!

Ғажайып Жаңа Жыл кешінде!

30-12-2016 13:43

        Ғажайып Жаңа Жыл кешінде!

Жаңа жыл  - сүйікті мерекелердің бірі.  Керемет безендірілген Жаңа жылдық шыршаға қарап сүйсінесің. Дала қандай тамаша! Барлық адамдар Жаңа жылды шыдамсыздана күтуде.

28-29 желтоқсанда  гимназияда Жаңа жылға арналған шырша өтті.  Мерекелік бағдарлама жоғары сынып оқушылар кеңесі мүшелері  және 10 «И» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен жүргізілді.  Кеште әр түрлі көңілді сайыстар, өлеңдер жарысы ,сазды әуендеройналып, сыйлықтар таратылды. Әр сынып оқушылары өздері дайындаған өлеңдерін оқып, музыкалық сәлем жолдады.

Жаңа Жыл құтты болсын! Жаңа жыл жаңа бақыт, таусылмас табыс әкелсін!

Автор: № 3 гимназия