Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
«Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты Елбасы жобасының жеңімпаздарымен кездесу.

«Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты Елбасы жобасының жеңімпаздарымен кездесу.

13-02-2018 20:45

13 ақпан 2018 жылы, гимназия оқушылары «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты республикалық жоба  жеңімпаздарымен кездесті. Бұл кездесу педагогика ғылымының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Байсейітова Жанар Байсеитовнамен және Облыстық балалар ауруханасының хирургі Рамазанов Ерлан Амангельдиновичпен болды.

Кездесу барысында  жеңімпаздар тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан өз  үлестері, жеткен жетістіктері  туралы айтып, оқушылардың  қойған сұрақтарына жауап берді. Оқушылар бұл жоба жеңімпаздарының  жетістік жолы өздеріне өнеге болатындығын және өз білімдерін  жетілдіруге қызмет ететіндігін атап өтті.

Автор: № 3 гимназия