Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Абай оқулары

Абай оқулары

13-03-2018 23:24

Абай оқулары

2018 жылғы13 наурызда өткізілген ХІХ облыстық Абай оқуларына жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерден 72 оқушы қатысты. 
           Абай оқулары төрт бағытта өтті: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар конкурсы, «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың сайысы, «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу. 

Біздің дарынды балаларға арналған № 3 гимназиядан үш бағыт бойынша 6 сынып  оқушылары қатысты:  Есимова Жайна,  Батырханов Динали,  Киль Александра. 6 «М»» сынып оқушысы Есимова Жайна жүлдегер атанды, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исмагулова Зауреш Мукашевна.

Сәттілік тілейміз. 

Автор: № 3 гимназия