Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
«Туған өлкем» жобасының  саяхат  күнделіктері

«Туған өлкем» жобасының саяхат күнделіктері

21-01-2019 13:43

Бүгінгі күні гимназияда «Рухани  жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында оқушылар  «Туған өлкем» жобасының  саяхат  күнделіктерін ұсынды. Оқушылар бұл жобаны іске асыру өте маңызды екенін атап өтті, туған жердің мәдениетін, көрнекті ескерткіштерін, танымал тұлғалардың өмірін зерттеп, кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі оянуына ықпал етті деген тұжырым жасады. Оқушылар  күнделіктерінде аймақтағы саяхаттардан алған ескертпелер,көргендерінің әсерлері, көптеген қызықты фотосуреттер бар. Мысалы, 6И сынып оқушылары біздің қаламыздың барлық ескерткіштері мен мұражайларына барды, 9 М сынып оқушылары   қаламыздың әйгілі тұлғаларымен кездесулерін, тарихи фильмнің көрінісінен  әсерің және тағы көптеген қызықты нәрселерді  күнделіктеріне жазған. 9М сынып оқушысы Диана Алишева,  бұл жоба «Менің кіші Отаным» атты  Республикалық  интеллектуалдық сайысының жеңімпазы болуына көмектесті деп өз ойымен бөлісті. Жоба жалғасуда, жаңа, қызықты жазбалар, суреттер, әсерлер, жеңістер күтеміз.

Автор: № 3 гимназия