Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Жаңалықтар
«Электронды және электрлік жабдықтарды экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама»
Автор: № 3 гимназия
20-06-2018 12:18
Электронды және электрлік жабдықтарды экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама
Электронды және электрлік жабдықтарды экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама Электронды және электрлік жабдықтар қалдықтарының құрамында қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына да кері әсер ететін кадмий, сүрме, қорғасын, сынап сияқты қауіпті заттар және олардың қосылыстары болады. адам ағзасына түскеннен соң, олар онда ұзақ қалады және ақырындап бауырда, бүйректе, сүйекте, қалқанша безде жинақталады және онкологиялық аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, лазерлі принтерлерде тонерлер орнатылған, олардың химиялық құрамындағы: көміртек полимерлерінің қосылыстары, темір оксиді, органикалық қосылыстардағы қалайы және органикалық емес қоспалар, зерттеулерде көрсетілгендейбас ауруын, жөтелді, температураның көтерілуін, сырқаттануды тудырады. Сонымен қатар, бармақты батареяның бір данасын «дұрыс емес» кәдеге жарату кезінде, 20 текше метр топырақ немесе 400 литрден астам ауыз су уланады. Технодом, Алсер, Рамстор сауда желілерінің басшылығы эко-қораптарды орналастыру арқылы электрлік жабдықтарды жинау орындарын қамтамасыз етуде және оларды кейіннен мамандандырылған компаниялар арқылы қайта өңдейді. Қалдықтар ретінде: тұрмыстық техника (теледидарлар, магнитофондар, электрлік ойыншықтар, үтіктер, энергияны үнемдеуші шамдар, батареялар, фендер, тоңазытқышты қосқандағыас үй құралдары және т.б.), ұйымдастырушылық техника (компьютерлер мен жабдықтары, ұялы телефондар, планшеттер, көшіру аппараттары, сканерлер, тонерлер және т.б.), құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті шамдар, энергия үнемдеуші шамдар, қызу өлшеуіштер және т.б.) қабылданады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда көму үшін келесі қалдықтарды қабылдауға тыйым салынады: сұйық қалдықтар;полигон шарттарында жарылғыш, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қауіптілігі жоғары немесе өрт қауіптілігі бар болып ке…
«"Балалар бейбітшілік үшін" »
Автор: № 3 гимназия
14-06-2018 11:53
Павлодар қаласының №3 гимназия  оқушылары Сүлейменова Альвина  мен Сүлейменова  Адия Халықаралық балалар әскери-тарихи Ассамблеясының "Мәңгілік алау" ЖДО "Артек" қабылдаған  "Балалар  бейбітшілік үшін" Декларациясының  қатысушылары болды. Декларация әлем балаларының жаңа елшілерінің қозғалысын қалыптастырады, бұл мәдениеттің  әртүрлілігі құндылықтарының, халықтар арасындағы тарихи шындық пен достықтың құндылықтары болады. Осы Ассамблеяға 47 елден  3500 артек өкілі қатысты. 5-23 мамыр аралығындағы кезеңде Ассамблея шеңберінде Артек тұрғындары үшін:   Жеңіс күніне арналған естелік оқиғалар:   - Севапопольдегі Сапун тауында кездесу-реквием,            - «Шекаралық кеңістік» әскери-тарихи қалпына келтіру            -  марш «Адам өлмес полкі» (оған 47 елдің өкілдері қатысты). Осылайша, Альвина мен Адия Сүлейменовалар  біздің қаламыздың, республикамыздың және ТМД елдерінің музыкалық және шығармашылық алаңдарындағы қойылымдарымен тек Павлодар мен біздің Қазақстанымыздың өкілдері емес, әртүрлі елдердің және әртүрлі ұлттар мен жастардың балалары мен жастарына құрмет көрсетіп, әлемнің игілігі үшін үлкен патриоттық жұмысты жүзеге асыруда  заманауи қоғамда үлкен мәнге ие барлық елдердің балалары арасында өнер көрсетті.
«Үшінші күн»
Автор: № 3 гимназия
09-06-2018 00:49
Үшінші күн
Лагерьдің үшінші күні әдеттегідей таңертеңгі жаттығумен басталды. Таңертеңгі жаттығу «Флешмоб» түрінде өткізілді. Мектеп жанындағы «Сәулетай» сауықтыру лагерінің демалушылары «Жас Қанат» музыкалық ұжымының есеп беру концертін тамашалады. Бүгінгі күн көңілді, тамаша өтті.
«5 маусым»
Автор: № 3 гимназия
09-06-2018 00:47
5 маусым
05 маусым спартакиаданың ашылуы « Көңілді старт» жарысымен басталды. Сонымен қатар балалар Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына барды. «Отпен ойнама» көрінісін тамашалады.
«4 маусым»
Автор: № 3 гимназия
09-06-2018 00:46
4 маусым
04 маусым мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылуы өтті. Оқушылар жаз мезгіліне байланысты өлеңдер оқып, ән салып, би биледі. Мерекелік іс-шара би, «Сабын көпіршіктері» шоуымен аяқталды. 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай оқушылар «Менің-Қазақстаным» сайысына қатысты. Әр топ өз суреттерін көрсетіп, қорғады.
««ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ САЛТАНАТТЫ БАЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»»
Автор: № 3 гимназия
04-06-2018 22:59
«ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ САЛТАНАТТЫ БАЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»
«ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ САЛТАНАТТЫ БАЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ» «Крендель» Банкет-Холлында 2018 жылғы 1 маусым күні өткізілген жас зияткерлерге арналған Павлодар облысы әкімінің дәстүрлі салтанатты кешіне халықаралық және республикалық олимпиадалардың 47 жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олардың ұстаздары және облыс білім жүйесінің дамуына үлес қосқан басшылар мен мамандар, педагогикалық еңбегінің ардагерлері және ата-аналар қатысты.  Салтанатты іс шараға қатысу құқына біздің гимназиядан  оқушылар арасында өтетін республикалық пән олимпиадасының жүлдегерлері: Айтбай Амира (Қазақстан тарихы) мен Юсупова Аяна (неміс тілі) ие болды. https://bilimdinews.kz/?p=8394
«VІІІ К.И. Сатпаев атындағы Халықаралық олимпиада қорытындысы»
Автор: № 3 гимназия
02-06-2018 10:33
VІІІ  К.И. Сатпаев атындағы Халықаралық  олимпиада қорытындысы
VІІІ  К.И. Сатпаев атындағы Халықаралық  олимпиада қорытындысы 2018 жылдың  27-30 мамыр аралығында Павлодар облысының Баянауыл кентінде Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы VIII Халықаралық олимпиада өтті. Бұл интеллектуалдық сайысқа "Биология" пәні бойынша біздің гимназияның  8 "И" сынып оқушысы  Әубәкіров Руслан  қатысты. Руслан жоғары білім деңгейін көрсетті, екі күннің қорытындысы бойынша зияткерлік жарыстың жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша жүлдегер атанды және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  ,сонымен қатар бірқатар жылдар бойы облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік жарыстарда жоғары нәтижелерге жетіп жүрген  биология пәні мұғалімдері – Хамитова Г. К , Дягилева Т. И  жеңістерімен  құттықтаймыз.
«Қош бол бастауыш сынып»
Автор: № 3 гимназия
23-05-2018 15:03
Қош бол бастауыш сынып
2018 жылдың 23 мамырында Павлодар  қаласындағы дарынды балаларға  арналған №3 гимназияда  4-сынып  оқушылары  арасында  дәстүрлі «Қош  бол  бастауыш сынып» мерекесі  аталып  өтті. 
«Нұрлы жұлдыздар-2018»
Автор: № 3 гимназия
23-05-2018 08:49
Нұрлы жұлдыздар-2018
Гимназияда 18 мамыр күні «Нұрлы жұлдыздар» атты мерекелік кеш өтті. Жыл сайын бұл фестиваль ең дарынды, ең шығармашыл, ең үздік спорт шеберлерін жинайды. Биылғы оқу жылында 113 номинант болды. Халықаралық, аймақтық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жарыстар, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстар жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғыс хаттармен марапатталды және естелікке «Нұрлы жұлдыздар 2018» кітапшасын алды. Олимп жұлдыздарын биікке жетелейтін 42 мұғалім Алғыс хатпен марапатталды . Мерекеге қатысушы оқытушылар мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта жеңістен -жеңіске жете беріңіздер!
«KazRobotics-2018»
Автор: № 3 гимназия
17-05-2018 23:41
KazRobotics-2018
Бүгін, 17 мамырда Павлодар көлік және коммуникация колледжінде KazRobotics-2018 Робототехниканың аймақтық чемпионаты өтті. «5M» сынып оқушылары Юсупова Айдана мен Жанкобай Самира «Fun-Scorpions» категориясында 2-ші орынды иеленді. Жаттықтырушы: Сыздықов Ринат Жұмабекұлы. Құттықтаймыз!
«70-жылдық мерейтой»
Автор: № 3 гимназия
14-05-2018 13:32
70-жылдық мерейтой
Қазақстан Республикасы  Ағарту ісінің үздігі,Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері,Павлодар облысы алдында сіңірген еңбегі үшін медалінің иегері, 40 жылдан астам еңбек өтілі бар педагог Қоңырбаев ТемірТемірғалиұлы өзінің  70 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой иесін құттықтауға Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ж.П. Қарамбаев, қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Ш.Сейітова, РМҚК "Ертіс дарыны" орталығының  басшысы Ғ. Қ. Тұрсынов, ПМПУ оқытушылары, "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ұжымы, достары, түлектері мен оқушылары келді. Темір Темірғалиұлы-  өмірге деген өз ұстанымын басқалардан да талап еткен ұстаз. Ол ұстанымдар: жауапкершілік, ұқыптылық,  сезімталдық, әр іске деген шығармашылық көзқарас. Темір Темірғалиұлы өзінің мол білімі мен бай әдістемелік іс-тәжірибесін  облыс және қала мұғалімдерімен үнемі бөлісіп отырады, кадрларды даярлау институтында дәріс оқиды , облыстық пәндік олимпиадалар, жоғары сынып оқушыларының ғылыми жобалар байқауының қазылар алқасының мүшесі. Көптеген жылдар бойы ол гимназия кеңесін басқарады.Осындай шексіз құрмет пен мол сенімге ие ұстаз. Гимназия ұжымы шын жүректен Темір Темірғалиұлына  шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз! Барлық  құрмет пен атаққа лайық жансыз,Сізге құдай мықты денсаулық пен мол  бақыт берсін, немерелеріңізді  қызықтап аман- есен жүре беріңіз!
«Әскери Даңқ Мұражайы»
Автор: № 3 гимназия
11-05-2018 00:38
Әскери Даңқ Мұражайы
5 мамыр күні 5 "И" сынып оқушылары Әскери Даңқ Мұражайына барды. Оқушылар үшін танымдық экскурсия жүргізілді, олар Ұлы Отан соғысы туралы фактілерді,  соғысқа қатысушылардың ордендері  мен медальдар тарихын, сондай- ақ соғысқа қатысушылардың біздің еліміз үшін жасаған ұлы ерліктері туралы білді. Оқушылар өздері дайындаған  өлеңдерін қазақша, орысша, ағылшынша жатқа оқыды.  Экскурсиядан кейін балалар ескерткішкегүл шоқтарын қойып, соғыс ардагерлерін  бір минут үнсіздікпен еске алды.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 87 соңғысы