Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Айтказина Нұргүл Оспанқызы
Айтказина Нұргүл Оспанқызы
1. СМ қоғамдық-гуманитарлық дисциплиналар

Айқазина Нұргүл Оспанқызы - жоғары санатты қазақ тілі мұғалімі.

Гимназияда 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.

Марапаттаулары: ІІ облыстық «Алтын қор» форумында дипломмен, ҚР БҒМ Алғыс хатымен марапатталған. Оқушыларды ғылыми жобаларға дайындықжұмыстарымен айналысады.

Жетістіктері:

- Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі.

- 2013 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» өткізген Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.

- 2013 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы өткізген  «Әлем ғажайыптары» көптілдік сыныптардың оқушыларына арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әдістемелік құралы» тақырыбы бойынша облыс мұғалімдері арасында тәжірибесі жинақталып, таратқаны үшін сертификатпен марапатталды.

- 2014 жылы «Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының  Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» КММ өткізген «12 жылдық білім берудің өзекті мәселелері мен оның шешу жолдары» аймақтық конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. 

- 2014 жылы ПМПИ-де өткен «Оқушының тұлға ретінде және мұғалімнің педагогтық шеберлігін шыңдау факторы ретіндегі ғылыми-зерттеушілік әрекет»  Халықаралық  теориялық- тәжірибелік семинарға қатысты.

- 2014 жылы ПМПИ-дің біліктілікті арттыру және технологиялар трансфері аймақтық орталығында «Абайды үш тілде оқимыз» семинар-тренингке қатысты және оқушыларды дайындады.

- 2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» өткізген  «Еуропалық стандартқа сәйкес қазақ тілін оқыту деңгейін бірыңғай бағалау жүйесі негізінде оқушылардың түйінді құзырлықтарын дамыту»  бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын бітіріп шықты.

- 2014 жылы өткен М.Ж.Көпеев оқуларына оқушылар дайындады.

- 2014-2015 оқу жылынан бастап қоғамдық-гуманитарлық пәндері  кафедрасының  жетекшісі.