Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78

«Зерде» жетістігі

Автор: № 3 гимназия
01.02.2018 21:02
2018жылдың 29-31 қаңтар аралығында, Щучинск қаласында, «Балдәурен» республикалық-сауықтыру орталығында, 1-7 сыныптар арасында «Зерде» республикалық ғылыми жоба сайысы өтті. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 420 жас зерттеушілер қатысты. Біздің гимназиядан 6 оқушы қатысты. Жас дарындар 5 жобамен биология, экология, әдебиет, тіл пәндері бойынша қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша сайыскерлер 100 пайыз сапа көрсеткішімен 5 диплом иегерлері болды. 1 орын :«валеология және экология» секциясы бойынша – Исенова Айша,5 сынып оқушысы ІІ орын: «орыс тілі және әдебиеті» секциясы бойынша – Сулейменова Альвина және Сулейменова Адия, 6 және 4 сынып оқушылары ІІІ орын «орыс тілі және әдебиеті» секциясы бойынша»– Глубокая Маргарита, 4 А сынып оқушысы «қазақ тілі және әдебиеті» секциясы бойынша–Төлеубай Ұлжан, 4 А сынып оқушысы «биология және химия» секциясы бойынша – Лукин Кирилл,гимназияның 5 сынып оқушысы.