Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78

Дәстүрлі түлектер кездесуі

Автор: № 3 гимназия
07.02.2018 2:11
3 ақпан 2018 жылы, № 3 гимназияда, түлектермен дәстүрлі кездесу кеші өткізілді. Бастамашылары осы мерекенің болашақ түлектері, мектеп оқушылары, 11 "И" сынып оқушылары және олардың сынып жетекшісі Брус Т. М. Кеш Көгілдір от түрінде өткізілді. Бұл мерекенің ерекшелігі кешке мерейтой түлектері шақырылды. Еліміздің тәуелсіздік алған кезеңінде куә болған, өркендеп, қалыптасу кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін республикамыздың дамуына үлес қосып келе жатқан жастар кешіміздің құрметті қонағы болды. Мерекенің жүргізушілері бұл кездесу президентіміздің « Рухани жанғыру»бағдарламасына қосқан үлесіміздің бірі екендігін атап өтті. Биылғы 2018 жылғы жаһандық, ұлттық жобаның ішінде білім беруге маңызды орын бөлінген .Өйткені, мектеп және мектепке дейінгі білім, жеке тұлғаның азамат,елінің патриоты болып қалыптасуының басты орталығы. "Рухани жанғыру" бағдарламасы аясында біздің гимназияда осындай мерекелік кездесудің өтуі қуанарлық жағдай.Бұл кездесу түлектердің мұғалімдерімен және сыныптастарымен қайта қауышуларына, балалық шақты еске түсірулеріне мүмкіндік туғызды. Ал кез келген жақсы қарым-қатынас, жайма шуақ көңіл, адамның жанын нұрландырады.