Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78

«Міндет, Абырой, Ерлік!»

Автор: № 3 гимназия
09.02.2018 19:39
Осындай ұранмен 9 ақпан 2018 жылы, Ауған соғысының 29 жылдығына байланысты, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыс өткізілді. Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының ұлдар командасы пневматикалық қарудан ату бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, осы жарыстың көшбасшысы атанды. Жалпы командалық есепте команда құрамына кірген 10 "М" сынып оқушылары Трофименко Александр, Голубев Даниил, ШамсутдиновЭльнар, Наурызбаев Жәңгір, Сухов Даниил, Жакажанов Олег және 11 "М" сынып оқушысы Омаров Адильхан 3-орынды иеленді. Сайысқа қатысушыларды және бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімі Дорденко Юрий Павловичті лайықты жеңісімен құттықтаймыз !