Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78

ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ

Автор: № 3 гимназия
20.01.2019 18:54
Қазақ тілі мен әдебиеті апталағы аясында гимназияның мәжіліс залында 3 сынып оқушылары « Ертегілер әлемінде» атты тамаша кеш өткізді. Кеш барысында бүлдіршіндер әртүрлі ертегілерден қойылымдар көрсетті. Атап айтсақ, «Жыл басына таласқан жануарлар», «Қызыл телпек», «Алдар Көсе мен бай», «Тиін мен қасқыр», «Қоян мен түлкі» ертегілері. Кеш өте қызықты өтті, балалар өз рөлдерін қызығушылықпен ойнады. Кешті ұйымдастыруға атсалысқан ата-аналар мен сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Бұл мерекеге жауапты мұғалімдер Шукоева Бахытгуль Темирболатовна мен Касимова Жанна Кудайбергеновна.