Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78

Ашық есіктер күні.

Автор: № 3 гимназия
16.02.2019 11:53
Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы» ММ-сінде Ашық есіктер күні өтті. Ата-аналар жаңартылған білім беру аясында оқу-тәрбие үрерісімен танысты. Балалардың қалыптан тыс ойлау, қиын мәселелердің шешімін табу, креативті идеяларды ұсынып нәтижеге жету ата-аналарды таңғалдырды. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындауға барша жағдай жасалып жатқанын байқады. «РИТМ» оқушылардың ғылыми қоғамы, «Нерв эпохи» әдеби спектакль, «Патриот» клубы, «Тіл жанашырлары» клубы, «Can money buy you happiness?» English club дебаты, робототехника үйірмесі, қытай тілі үйірмесі, «Шанырақ» жобасының отбасылық шеберханасы өз жұмыстарымен таныстырып, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік бар екенін көрсетті.