Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Фоторепортажи
«1 гимназия сыныбына қабылдау»
Автор: № 3 гимназия
15.08.2019 13:29
1 гимназия сыныбына қабылдау
1 - гимназия сыныбына қабылдауға төмендегі оқушылар ұсынылды:
«Дополнительный набор»
Автор: № 3 гимназия
02.08.2019 11:40
Дополнительный набор
«Біздің түлектеріміздің бірінші мемлекеттік емтиханы.»
Автор: № 3 гимназия
28.05.2019 10:41
Біздің түлектеріміздің бірінші мемлекеттік емтиханы.
Біздің түлектеріміздің бірінші мемлекеттік емтиханы. Эссе тақырыптары қиын, алайда қызықты. Мектеп бітірушілерге сәттілік тілейміз!
«Дополнительный набор»
Автор: № 3 гимназия
28.05.2019 9:00
Дополнительный набор
В гимназию №3 ведется дополнительный набор.
««Қауіпсіз интернет»»
Автор: № 3 гимназия
09.04.2019 23:17
«Қауіпсіз интернет»
Гимназияда «Қауіпсіз интернет» атты Республикалық компаниясы өткізілді. Ақпараттық кампанияның мақсаты: кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
«Оқушыларды қабылдау туралы ақпарат.»
Автор: № 3 гимназия
01.04.2019 23:04
Оқушыларды қабылдау туралы ақпарат.
Қабылдау ережелері астындағы сайттарда қарастырылған: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017553 http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 http://mektep.smart-pavlodar.kz
«"Ана өмірдің шуағы"»
Автор: № 3 гимназия
06.03.2019 22:02
1 А сыныбында "Ана өмірдің шуағы" атты аналар мерекесі өтті.Мерекеге барлық аналар шақырылды.Оқушылар аналарына өз қолдарынан жасаған шоқ гүлдер сыйлады.Кішкентай бүлдіршін қыздарымыз әуелетіп ән шырқап, ұлдарымыз аналарға жаттаған тақпақтарын тақылдата айтып, көріністе көрсетіп, мың бұрала бимен көмкерді.Қыздарымыздың киімдері ерекше көктем лебімен ескендей әсер қалдырды.Сынып ішінің безендірлуі көктемнің алғашқы жауқазын гүліндей жайқалып тұрды. 1 А сыныбының жетекшісімен ата-аналарының еңбектерін ауыз толтырып айтарлықтай әсердеміз.
«Әдебиет әлемінде.»
Автор: № 3 гимназия
16.02.2019 11:41
Әдебиет әлемінде.
15 ақпанда гимназияда ата-аналар үшін ашық есік күні өткізілді. Мектептегі өткізілген іс-шаралардың бірі-қазақ тілі клубының « әдебиет әлемі» тақырыбында өткен кезекті отырысы болды. Оқушылар халық ауыз әдебиетінен қазақ ертегілерін, әдеби шығармалардан көріністер көрсетті. Ақиық ақындар шығармаларынан өлеңдер оқыды. Оқушылар өздерінің қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін, құрметін байқатты. Ата-аналар қауымы мұғалімдерге, оқушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
«Ашық есіктер күні. »
Автор: № 3 гимназия
16.02.2019 11:53
Ашық есіктер күні.
Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы» ММ-сінде Ашық есіктер күні өтті. Ата-аналар жаңартылған білім беру аясында оқу-тәрбие үрерісімен танысты. Балалардың қалыптан тыс ойлау, қиын мәселелердің шешімін табу, креативті идеяларды ұсынып нәтижеге жету ата-аналарды таңғалдырды. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындауға барша жағдай жасалып жатқанын байқады. «РИТМ» оқушылардың ғылыми қоғамы, «Нерв эпохи» әдеби спектакль, «Патриот» клубы, «Тіл жанашырлары» клубы, «Can money buy you happiness?» English club дебаты, робототехника үйірмесі, қытай тілі үйірмесі, «Шанырақ» жобасының отбасылық шеберханасы өз жұмыстарымен таныстырып, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік бар екенін көрсетті.
««Туған өлкем» жобасының саяхат күнделіктері»
Автор: № 3 гимназия
21.01.2019 13:09
«Туған өлкем» жобасының  саяхат  күнделіктері
Бүгінгі күні гимназияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында оқушылар «Туған өлкем» жобасының саяхат күнделіктерін ұсынды. Оқушылар бұл жобаны іске асыру өте маңызды екенін атап өтті, туған жердің мәдениетін, көрнекті ескерткіштерін, танымал тұлғалардың өмірін зерттеп, кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі оянуына ықпал етті деген тұжырым жасады. Оқушылар күнделіктерінде аймақтағы саяхаттардан алған ескертпелер,көргендерінің әсерлері, көптеген қызықты фотосуреттер бар. Мысалы, 6И сынып оқушылары біздің қаламыздың барлық ескерткіштері мен мұражайларына барды, 9 М сынып оқушылары қаламыздың әйгілі тұлғаларымен кездесулерін, тарихи фильмнің көрінісінен әсерің және тағы көптеген қызықты нәрселерді күнделіктеріне жазған. 9М сынып оқушысы Диана Алишева, бұл жоба «Менің кіші Отаным» атты Республикалық интеллектуалдық сайысының жеңімпазы болуына көмектесті деп өз ойымен бөлісті. Жоба жалғасуда, жаңа, қызықты жазбалар, суреттер, әсерлер, жеңістер күтеміз.
«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ»
Автор: № 3 гимназия
20.01.2019 18:54
ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ
Қазақ тілі мен әдебиеті апталағы аясында гимназияның мәжіліс залында 3 сынып оқушылары « Ертегілер әлемінде» атты тамаша кеш өткізді. Кеш барысында бүлдіршіндер әртүрлі ертегілерден қойылымдар көрсетті. Атап айтсақ, «Жыл басына таласқан жануарлар», «Қызыл телпек», «Алдар Көсе мен бай», «Тиін мен қасқыр», «Қоян мен түлкі» ертегілері. Кеш өте қызықты өтті, балалар өз рөлдерін қызығушылықпен ойнады. Кешті ұйымдастыруға атсалысқан ата-аналар мен сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Бұл мерекеге жауапты мұғалімдер Шукоева Бахытгуль Темирболатовна мен Касимова Жанна Кудайбергеновна.
«Ата-аналар жиналысы»
Автор: № 3 гимназия
20.01.2019 18:27
Ата-аналар жиналысы
17-18 қаңтарда гимназияда «Білім мазмұнын жаңарту аясында табысты оқушы» атты ата-аналар жиналыстары өтті. Сынып жетекшілері ата-аналар қатысуымен топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырып, оқушылардың күнделікті сабақта өз алдарына мақсат қойып, оларға жетіп, жеке жетістік баспалдағын жоспарлауды көрсетті.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 30 соңғысы