Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Сәлеметсіз бе,  құрметті ұстаздар !

Сәлеметсіз бе, құрметті ұстаздар !

06-10-2020 10:42

    Сіз біздің сайтқа қош келдіңіз және біздің гимназиямен танысу, сіз үшін қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болады деп сенемін.

     №3 гимназия – ерекше  мектеп. Ол Павлодар облысындағы ең білімділер мен ұйымдастырушылардың мектебі.  Мектеп көптеген ұрпақтарға  терең білім, саналы тәрбие берген.   Әрбір мектеп бітіруші талапкер  №3 мектептің дәстүрлерін ойлап қана қоймай, жаңаларының пайда болуына орасан зор үлестерін қосқан.  2001 жылдан бастап «Жұлдызды жаңбыр» бүкіл мектеп ішіндегі ең жарқын салтанатты іс-шаралардың біріне айналды. Мереке дарынды, талантты оқушылар мен гимназияның ең талантты мұғалімдерін құрметтеуге арналған.

      №3 гимназия - бұл жетістік мектебі: біз кемшіліктермен күреспейміз, біз күшті жақтарды дамытамыз. №3 гимназия -  алуан түрлі мүмкіндіктерді ашу мектебі. Бізде сәтсіз мұғалімдер мен оқушылар  жоқ екенін растаймыз. Тиісті мүмкіндіктер берілсе, кез-келген адам табысқа жете алады. Осындай мүмкіндіктерді бәріне ұсынамыз.  Гимназия көптеген жетістіктерге жетуде.  «Білім беру саласындағы жоғары жетістіктері үшін» номинациясы бойынша «Ең үлгілі облыстық мамандандырылған мектеп» атағы берілді, ол Павлодар облысы әкімінің дипломымен расталды.             

-  Балаларға  №3 гимназияда білім алу  -  балалардың білімге деген ынта-жігерін ,  қызығушылығын арттырады, ал мұғалімдерге  гимназияда  дарынды балалармен жұмыс істеу, жаңалықтар ашу   үлкен  зор нәтижеге жетістікке  жету .  Гимназияда дарынды балаларға  талантты ұстаздардың сабақ беруі- үлкен мәртебе.  Сабақ  мектептегі  негізгі іс-әрекет.  Сабақ - бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қызықты қарым-қатынас,  пікірталастар, жаңа білім мен шындықты іздеу уақыты мен орны. Сабақ - дәстүрлі, дәлелденген оқыту әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ ең заманауи технологияларды қолдану арқылы шәкірттерге білім беру болып табылады.             

Гимназияда мұғалімдер мен оқушыларға барлық  мүмкіндіктер  қарастырылған: мультимедиялық лингафон кабинеттері, мультимедиялық компьютерлік сынып, 15 заманауи ноутбуктары бар мобильді сынып, электронды кітапхана, мұғалімдердің электронды бағдарламалары, портативті интерактивті жабдық, сандық мультимедиялық подиум, интерактивті тақта, компьютерлер және т.б.  бар.

-  Дарынды балаларға арналған №3 гимназия - бұл ерекше, көңіл-күй силайтын, білімге деген құштарлықты оятатын  мектеп. Жалпы гимназияда  мерекелер,   клубтар жұмысы, қосымша шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар, ойындар, дебаттар,  әр түрлі жарыстардың жарқын атмосферасы өте қызықты өту арқылы - гимназия мұғалімдері мен оқушылары осылай өмір сүруде. 

    Толығырақ білгіңіз келе ме? Біздің сайтқа қош келдіңіз.  Біз біздің гимназия туралы көп нәрсе айта аламыз..

         №3 гимназия директоры, Куспекова Корлан Маратовна