Қазақстандағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бұл бағдарлама өз мазмұны мен келешегі бойынша бірегей, әлемдік жетекші үрдісті көрсетіп, елдің мақсатты дамуына жауап береді.
Аталған мемлекеттік бағдарламада Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МББЖЖ) үлкен көңіл бөлінген. Әрбір қазақстандыққа мемлекеттен сыйақы бөле отырып,өз балаларын оқытуға қаражат жинақтау мүмкіндігі ұсынылған. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – бұл туғаннан бастап, болашақта Қазақстан және шетелдің жоғары оқу орындары мен колледждерінде өз балалары немесе туыстарының оқуын төлеу үшін екінші деңгейлі банктердегі депозиттерде әрқайсысына ақшалай қаражатты жоспарлы түрде жинақтау мүмкіндігін ұсынатын ақылы кәсіптік және жоғары білім алуға мемлекет қолдауының жаңа баламалы тәсілі.
Білім беру мақсатына жинақтау жүйесін енгізу гранттарды алып тастауды білдірмейді. Тұрғындар үшін тегін жоғары және кәсіптік білім алу мүмкіндігі ҰБТ, АКТ нәтижелері негізінде берілетін гранттарды алу арқылы сақталады.
Жаңа жүйе ақылы білім алуға қосымша қолдау нысаны болып табылады. Білім алуды қаржылай қамтамасыз етудің осы немесе өзге де тәсіл пайдасына таңдау жасау – қаражат жинақтау, білім беру несиесін рәсімдеу немесе жеке қаражатынан төлеу, әркім өздігінен жасайды. Осы жүйеге сәйкес ата-ана бала туғаннан мемлекеттен пайыздық бонустарды ала отырып, оқуды төлеуге қаражатты кейінге қалдыра алады. Білім беру депозитін екінші деңгейдегі банктерде ашуға болады, мұнда жыл сайын салым сомасынан 12 пайыздан кем емес мөлшерде сыйақы түсе бастайды.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша ашылған депозиттердің банктердегі басқа депозиттерден өзгешелігі, білім беру жинақтау депозитіне банк сыйақысынан басқа салымшының әлеуметтік мәртебесіне байланысты жылдық бестен жетіге дейін пайыз, бірақ 50 АЕК-тен артық емес мөлшерде мемлекеттің сыйақысы түседі. Егер, Сіздің балаңыз мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, онда жинақталған қаражат мемлекеттің сыйақысы ескеріле отырып, осы отбасындағы басқа баланың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымына немесе жоғары оқу орнынан кейінгіні қоса алғанда, осы білім берудің өзге де деңгейіне жіберілуі мүмкін.
Бұл жүйенің арқасында әр қазақстандық өз баласының оқуын төлеу үшін ақша жинақтай алады. Сонымен қатар, мемлекет шығыс бөлігін өзіне алады. Бұл үшін бюджет қаражатынан сыйақы механизмі қарастырылған. Негізі, МББЖЖ тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесіне ұқсас келеді. Ата-ана өз баласына кез-келген екінші деңгейдегі банкте есепшот ашады да оған жүйелі түрде қаражат аудара бастайды. Бұл салымға дивиденттер «келе бастайды». Мемлекет өз тарапынан мұндай жинақтарды ынталандырып, жыл сайын депозиттерге өз сыйақысын аударып отырады. Егер де жинақтау депозиті баланың оқуын төлеуге болса ғана мемлекеттің бонусын сенуге болады. Егер атына депозит ашылған бала жоғары оқу орны немесе колледжде оқудан бас тартса, депозиттің барлық сомасы мемлекеттік сыйақысы ұсталынып, осы отбасындағы өзге балалардың есепшотына жіберілетін болады. Сонымен бірге, кімде-кім жинақтау салымын белгілі-бір мақсатқа жұмсамай шығындаса, сыйақыдан айырылады.
Салымның жинақталған қаражаты үш жақтан тұрады. Біріншісі – бұл салымшы салған ақша. Екіншісі – банк ай сайын капиталға айналдыра отырып, сыйақы төлейді. Бұл нақты әдеттегі депозиттегідей жүргізіледі. Бірақ,мұның үшінші жағы да бар – бұл мемлекет сыйақысы. Оның мөлшері жалпы жағдайда жинақталған қаражаттан жылына 5%. Ал, белгілі бір басым категориялар үшін (жетім балалар, мүгедектер, көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары) - 7%. Мемлекет сыйақысы бойынша кіріс салығы ұсталмайды. Азаматтардың білім беру жинақ ақшасының сақталуына мемлекет 5 млн. теңгеге дейін депозиттерді кепілдендірудің Қазақстандық қоры арқылы кепілдік береді. Аталған жинақ семлекеттік сыйақысымен Қазақстан Республикасында, сонымен қатар, шетелде білім алуға ғана пайдаланылады.
Сондай-ақ, Заң жобасында салымшының оқуын төлеу тәртібі қалыптастырылған. Ол оқудың барлық кезеңі үшін бірден немесе аса қысқа кезеңдерде, мысалы, ағымдағы жинақтауларды жалғастыра отырып, семестрлер бойынша төленуі мүмкін.
Заң жобасында салымшының мемлекет сыйақысын сақтай отырып, білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға немесе жинақталған қаражатты мақсаттылығын сақтау шартымен үшінші тұлғаға жол беру құқығы қарастырылған. Егер де салымның мақсаттылығы сақталмаса, онда мемлекеттен түскен сыйақы бюджетке қайтарылады.
Салымшыға білім беру грантын берген жағдайда салымшы немесе оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте және жағдайда білім беру жинақтау салымының қаражатын қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы және түскен мемлекет сыйақысымен алуға құқылы.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі Қазақстанда және шетелдегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, резидентура, адъюнктура) білім беруге таратылады.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (екінші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу) білім беру ұйымдарында қайта оқуға таратылмайды.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі тұрғындар үшін сапалы жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру қолжетімділігі, тиісінше техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тұлғалардың санын ұлғайтуды арттырады.
Білім беру жинақтау жүйесінің тәртіп жұмысы: Салымның минималды сомасы – 3 АЕК (5946 тг.); Салымшы жарналардың мерзімділігі мен ұзақтылығын өзі белгілейді; Салым бойынша 15,5% басталады: Банктің сыйақысы 10%; Мемлекет сыйлықақысы 5% немесе 7% (әлеуметтік категория); Қазақстан және шет елдерінде оқу ақысын төлеу. Кеңес алу мекені: «Қаржы орталығы» АҚ:
Мекен-жайы: Астана қ, Орынбор көшесі, 18
8 800 080 28 28 (тегін) |