Адам баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
Абай Құнанбаев.
1957 жылы 14 қаңтарда Павлодар қаласында жаңадан № 3 мектеп ашылды. Осы мектепте шығармашылық талапқа сай дайындалған жас мұғалімдер ұжымы құрылды. Мектепті қатал әрі талапшыл Алексей Карпович Новокшанов басқарған. Мектептің әртістері екі мәрте Республикалық байқауларға қатысты (Кеңес үкіметінің 50 жылдығына және В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай). Бұл мектептің алғашқы жеңісі. «Карликания елі» атты математикалық үйірме отырысы (жетекшісі – М.И.Шаталина), «Ғажайып әлемінде» атты дәрістер мен әдеби кештер (жетекшісі – М.И.Никонова) - мектептің дәстүрлерінің біріне айналды.
1968 жылы мектепте маңызды жаңалық – математиканы тереңдетіп оқыту сыныптары ашылды. Осы кезден бастап мектеп математикалық білім берудің ордасына айналды. Математикалық сыныптардың бастауларында Қазақ КСРО-на еңбегі сіңген ұстаз Иван Андреевич Дик тұрған. Көп ұзамай пәндік олимпиадалардан - математика мен физикадан - бүкілодақтық олимпиадалардың жоғарғы белестерінен көріне білген – Алексей Лопатин, Марина Гладкова (1976), Сергей Абабий, Дмитрий Лобанов (1980) жеңістерге жеткен.
Мұғалімдер ұжымы мен оқушылардың мол тәжірибелері 1980 жылы КСРО-ның ХШЖК-де ұсынылған. 80-жылдардың соңында оқушыларға математиканы тереңдетіп оқытумен қатар гуманитарлық пәндерді оқыту қажеттілігі туындай бастады. Жоғары білікті ұстаздар ұжымы гимназиялық сыныптарды ашу үшін бір жыл бойы дайындық жұмыстарын жүргізді. 1989-жылы әдебиет пен тарих, химия, биология мен физиканы тереңдетіп оқыту сыныптары ашылды. 1994 жылы гимназиялық сыныптардың бірінші түлектері мектепті бітірді. 69 түлектің алтауы – ерекше үлгідегі аттестаттың иегері болды. Ал 97 % Қазақстан және Ресей қалаларының жоғары оқу орындары студенті атанды.
90-жылдардың басында педагогикалық жаңалықтардың негізі болып жаңа ой белесі туындады. Ол – мектеп-гимназияның ашылуы. Математика, физика, химия-биология, әдебиет, шетел тілдер бағыттары бойынша гимназиялық оқу жоспарлары жасалды. 1997-жылы №3 мектеп гимназия мәртебесіне ие болды.
Гимназияның педагогикалық ұжымы үнемі алға қарай ұмтылуда. №3 гимназия «Таңдаулы мектеп-2001» атты Республикалық сайысқа қатысып, Павлодар облысының ең үздік мектебі болып танылып, «Білім беру қызметінің сапасы бойынша оқу орындары жұмысының қорытынды жүйелі бағасы» атты Республикалық сайыстың жеңімпазы атанды. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бұл мектеп 2001 жылы еліміздегі алғашқы экспериментальді тестілеуге қатысатын ең үздік төрт мектеп қатарына енгізілді. Эксперименттің қорытындысы бойынша гимназия алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болып танылды.
Гимназистер арасынан Республикалық және Халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық сайыстардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары шықты. Олар: Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегері 2001-жылдың түлегі В.Рудаченко; «Кенгуру» атты Халықаралық математикалық ойынының жеңімпазы В.Саяпин; ән-жыр шығармашылығы бойынша Халықаралық сайыстың жүлдегері – Е.Рахимов; шахмат бойынша Азия Чемпионатының жүлдегері – Т.Ким; шахмат бойынша Қазақстанның ең жас чемпионы, Грецияда өткен (2004 жыл) әлем чемпионатына қатысқан Н.Оспанов.
Бүгінде гимназия «Дарынды балаларға арналған № 3 гимназия» мәртебесін алған. Жоғары дәрежелі білім мен тәрбие беретін, тілдерге, әдебиетке, математикаға, ғылымға, мұғалімге деген құрмет көрсету рухы қалыптасқан жаңа оқу орындарының бірі.