Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 100 ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ» Республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды.

05-12-2020 17:47

2020 жылдың күзінде Нұр-сұлтан қаласындағы "BILIM-ORKENIETI" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы "Қазақстан республикасының 100 үздік дарынды оқушысы" республикалық байқауының ұйымдастырушысы болды.

Байқаудың мақсаты-Қазақстан Республикасының дарынды жастары арасында байланыс орнату.Байқау шарты бойынша оқушылар өз тәжірибелері мен жетістіктерін ұсынды, эсседе өз мектебі, өз елі туралы ой жүгіртті. Байқауға Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ-сі оқушылары: Сулейменов Асанали, Сулейменова Адия және Сулейменова Альвина қатысты.
Оқушылардың «Менің аяулы ұстазым» және «Абай Құнанбайұлы - қазақтың ұлы ақыны» тақырыбында ұсынған эсселері және халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардағы жоғары жетістіктері, дипломдармен және сертификаттармен расталған құжаттары сайыста жеңіске жетуге негіз болды: үш бірінші орын.

Байқау қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының 100 үздік дарынды оқушысы" кітабы басылып, оқушылардың жұмыстары жарияланады. Әр жеңімпаз "Қазақстан Республикасының дарынды оқушысы"белгісімен марапатталды.

Автор: № 3 гимназия