Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8-(7182)-62-10-32
«Мектепке жол»

«Мектепке жол»

01-08-2022 20:36
2022 жылдың 1 тамызынан бастап Павлодар облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Ағымдағы жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған Балалар жылын жүзеге асыру аясында өткізіледі. Жалпыұлттық акция 2022 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтеді. «Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу.                                                   Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды. 
Қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік әріптестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.                                                                                                                                 «Мектепке жол» акциясы балаларға білім алу барысында қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Балаларды мектепке дайындауға көмек көрсеткісі келетіндер төмендегі байланыс телефоны арқылы хабарласа алады: 87785907598
Автор: № 3 гимназия