Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8-(7182)-62-10-32
Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы

Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы

07-04-2023 15:14
«... сабақ» жобасы аясында 7-сыныпта «Дұрыс тамақтану» тақырыбында орыс тілі сабағы өтті.
Бүгінгі қонағымыз -  ECOSHOP-PAVLODAR дүкені мен наубайханасының негізін қалаушы, Павлодар облысы Іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Анаева Махаббат Елтайқызы.
Адамзат өз рационында мыңға жуық тағам көздерін пайдаланады. Махаббат Елтайқызы пайдалы, құнарлы және дәмді тағам түрлері туралы айтты. Сабақ барысында оқушылар тағам түрлерімен танысып, тіпті Ecoshop пен Ecoshp Bakery фирмаларының пайдалы өнімдерін де қолданып көрді.
Оқушылар дендерінің саулығы үшін қандай тағамдарды пайдалану керектігін білді. Өйткені, дұрыс тамақтану күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болуы әрі адамның физиологиялық, психикалық және әлеуметтік денсаулығының берік болуына ықпал етуі керек.
Сабақ өте қызықты және пайдалы болды!
Автор: № 3 гимназия