Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Жаңалықтар
«Конференцияға қатысу»
Автор: № 3 гимназия
18-12-2014 17:21
Конференцияға қатысу
Бүгін, 18.12.2014 жылы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты негізінде «Білім сапасын арттыруда: жаңа ойлар, жаңа тәсілдер» атты Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ҒӘЖ бойынша директордың орынбасары Ғ.Т.Байгужинова «Құзіреттілік тәсілдерін ұстану арқылы гимназияның ғылыми-әдістемелік әрекетін жобалауды» ұсынды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Д.Д.Темірбаева функционалды сауаттылықты арттыру бойынша коучинг өткізді.       
«Тәні саудың жаны сау»
Автор: № 3 гимназия
18-12-2014 11:12
Тәні саудың жаны сау
  2014 жылдың 11 желтоқсанында гимназияда жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер құрама командалар арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан дәстүрлі достық кездесу өтті. Табанды қарсылықта жеңіске мұғалімдер командасы жетті. Ерекше номинациялармен: "Үздік пас беруші" номинациясымен - М.М.Валова, "Үздік шабуылшы" номинациясымен - Д.Қарамбаев, "Үздік қорғаушы" номинациясымен М.Жанділда марапатталды.Ойынға қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта дәстүрлі кедесуде қатысушылар саны артады деген сенімдеміз.
«Тәуелсіздік күнімен!»
Автор: № 3 гимназия
15-12-2014 10:30
Тәуелсіздік күнімен!
13, 15 желтоқсанда гимназияның мәжіліс залында 9М  сыныбы ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-тірегім» атты мерекелік концерт өтті.
««Жас өлкетанушы» атты интелектуалдық сайыс»
Автор: № 3 гимназия
13-12-2014 06:26
«Жас өлкетанушы» атты интелектуалдық сайыс
Тарих және құқық апталығы шеңберінде 7 сынып оқушыларымен «Жас өлкетанушы» атты интелектуалдық ойын өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, туған өлкесінің қыр-сырын білетіндігін көрсете білді. Ойын қызықты, тартымды болды.
««Атамекен» зияткерлік ойыны»
Автор: № 3 гимназия
13-12-2014 06:23
«Атамекен» зияткерлік ойыны
Тарих және құқық онкүндігі шеңберінде 9-11 снсп оқушыларының қатысуымен «Атамекен» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойында оқушылар тарих пәні бойынша өз білімдерін көрсетті.Жоғары білім деңгейінНигманов Таир, Майкотова Айжан, Жандiлда Медет және Кузаиров Олжас көрсетті.
«Тарих және құқық пәндері онкүндігі ашылды»
Автор: № 3 гимназия
13-12-2014 06:21
Тарих және құқық пәндері онкүндігі ашылды
2014 жылдың 5 желтоқсанында тарих және құқық пәндерінің онкүндігі ашылды, ашылу салтанатын 10 «И» сынып оқушылары Жандiлда Медет, Майкотова Айжан, Панасенко Анна және Каирбекова Ақмарал дайындады. Олар онкүндіктің жоспары мен Тәуелсіз Қазақстанның негізгі оқиғаларына тоқталып өтті.
«Тәуелсіздік күні»
Автор: № 3 гимназия
13-12-2014 05:20
Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  гимназияда  «Бірыңғай «Жас Ұлан және «Жас Қыран балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына қабылдау рәсімісалтанатты түрде  өтті.
«Министірлік тексеріс»
Автор: № 3 гимназия
11-12-2014 14:22
Министірлік тексеріс
8-желтоқсан  «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында көптілік бағытында ағылшын тілінің, орыс тілінің оқытылуы жайында» сұрағы бойынша ҚР ББМ комиссиясы жұмыс жасады. 10»И» ,9»И», 6»И» сыныптарында М.В.Валова, О.А. Монакова, Е.С. Рахманбергенова ашық сабақтар, 9- 11 сынып оқушыларының қатысуымен бес тілде «Қызық адамдар әлемі» атты әдеби - музыкалық қойылым көрсетілді.  өткізді. Гимназия Павлодар облысы бойынша бәсекеге сай мектептерінің бірі болып қала береді.
«Аймақтық ғылыми- тәжірибелік семинары»
Автор: № 3 гимназия
11-12-2014 14:19
Аймақтық ғылыми- тәжірибелік семинары
2014 жылдың 5 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы ПМУ-де өткен «Көптілділік білім:бағыт,басымдылық, жаңа трендтер» атты аймақтық ғылыми- тәжірибелік семинарына ҒӘЖ бойынша директордың орынбасары Ғ.Т.Байгужинова, орыс тілі пәнінің мұғалімі М.В.Валова, 11»И» сынып оқушысы М.Маслий қатысты.Ғ.Т.Байгужинова көптілдік оқытуда гимназия түлектерінің тұлға моделін ұсынды.М.Маслий қазақ тілінен, ағылшын тілінен білімін көрсетті.Гимназия алдағы уақытта С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Оқу-ғылыми тәжірибелік орталығымен бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлады.  
«Жеңімпаздарды құттықтаймыз!»
Автор: № 3 гимназия
10-12-2014 05:44
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Оқушылардың облыстық ғылыми жоба сайысы кезеңі аяқталды.Гимназия оқушылары 19 жұмыс ұсынып, 6 ғылыми жоба жұмысы 3-дәреже, 4 жұмыс екінші орын алды. Сайыс жеңімпаздары А.Панасенко, «Тарих» секциясынан, Д.Акимов пен Ә.Құнанбаев «Техника» секциясынан, Ә.Әбенов пен Н.Қабиев «Математика» секциясынан. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды, мұғалімдерді құттықтаймыз! 19-желтоқсанда өтетін пәндік тестілеуді жақсы орындауларыңа тілектеспіз. Алдағы республикалық жоба сайысына сәттілік тілейміз! № Жоба авторының аты-жөні Жобаның тақырыбы Секция Сынып Жетекші орын 1 - бағыт  Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсүдің негізгі буыны 1 Әкімов Дамир, Құнанбаев Әділ Метанол негізінде балама жанармай  алу және қолдану. Техника 11,11 Клауж Татьяна Викторовна I 2 Қарамбаев Дәурен, Ташенов Даниял Инерционды желдеткіштің роторлы құралы. Техника 10 Брус Татьяна Михайловна II 3 Табулдинов Темирлан Геотермальді  энергия. ГеоТЭС жұмысының қағидаларын зерттеу. Әрекеттегі үлгіні әзірлеу. Физика 8 Брус Татьяна Михайловна III 2 - бағыт  Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу 4 Игенов Әділбек ҚР еңбекпен қамтылуының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономика 11…
«Жеңіс-Теміртау қаласынан!»
Автор: № 3 гимназия
09-12-2014 02:36
Жеңіс-Теміртау қаласынан!
2014жылдың 2-5 желтоқсанында жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныптар арасында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті негізінде (Теміртауқ.) VII Президенттік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Павлодар облысының құрама командасына «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ-нің үш оқушысы енді – Ә.Әбенов, Т.Нығманов, С.Тараканов. Оқушылар зияткерлік сайыста өздерін жоғары деңгейде көрсете білді. Павлодар облысының үш оқушысы жүлдегер атанды, олардың ішінде Т.Нығманов күміс медалімен марпатталды. Осындай жоғары көрсеткіш нәтижесіне ие болған жеңімпаздар мен пән мұғалімдері Т.М.Брус (физика), Е.О.Цхай (математика),  Б.Ж.Қайырбаеваны (биология) құттықтаймыз.
«Жаман әдеттердің соты»
Автор: № 3 гимназия
08-12-2014 09:07
Жаман әдеттердің соты
4 желтоқсанда біздің сыныпта жаман әдеттердің соты өтті. Барлығы шынайы соттағыдай болды (онда ешкім болмаса да, біз оларды көркем фильмдермен салыстырдық). Үш сот (Ксения, Аруна и Данил) мемлекеттік айыптағушыларды Дарина, Феруза, Диляра, Артемий, Кайрат, Айхан, Мадиярды және Данияр адвокатты мұқият тыңдады. Зиянды әдеттер, баяу өмір салтын, компьютерлік ойындарға,  фаст-фудқа тәуелділік және т.б. сотталды. Біз Георгиді емес, зиянды әдеттерді сотттап жатқанымызды түсінсек те оған оңай болған жоқ. Қорғаушы жақ Аллаберген, Қадырали, Мансур және  Әділет зиянды әдеттер адамның денсаулығына қауіпті деп шешті. Міне, осындай сынып сағаты біздің сыныпта өтті. Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман, зиянды әдеттермен күресу керек пе? 6М сыныптың арнайыкорреспондентіКравчук София.