Павлодар қаласының

«Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы»

Мемлекеттік мекемесі

8 (7182) 55-16-71,
8 (7182) 55-14-78
Кравчук Галина Николаевна
Кравчук Галина Николаевна
2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ

 

Еңбек өтілі: 15 жыл

Жоғары санатты мұғалім

2007 жылдан бастап «Бастауыш мектепте ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша жұмыс атқарып келеді.

Астана қаласында өткен жаңашыл-педагогтар Республикалық форумына, «VII Сәтпаев оқулары» Халықаралық ғылыми конференцияға, инновациялық мұғалімдер үшін Microsoft Жазғы мектебіне, Щучинск қаласында өткен «Инновации в методике преподавания общеобразовательных предметов» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарына қатысты.

Галина Николаевна педагогтардың облыстық әдістемелік форумы сыйлығының иегері, «Мастерство, изобретательность, признание» облыстық сайыстың жеңімпазы, Сочи қаласында өткен мұғалімдердің үшінші Бүкілресейлік Слетінің қатысушысы, VII Республикалық инновациялы-педагогикалық идеялар фестивалінің қатысушысы және жеңімпазы, Ялта қаласында өткен Бірінші Халықаралық мұғалімдер Слетінің «Жеке тәжірибе презентациясы», «Мастер-класс» және «Ашық  сабақ»  номинациялары бойынша кубок иегері. «Жыл мұғалімі - 2012» сайысының «Iзденімпаз»номинациясы бойынша жеңімпазы.

Бастауыш сыныптарға арналған математика пәні бойынша оқу бағдарламасының, бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту курсы бағдарламаның авторы, сондай-ақ «Нестандартные задачи на уроках математики», «Электронное пособие по информатике для младших школьников», «Итоговые тесты для 1-4 классов», «Занимательные задачи по математике павлодарских школьников о любимом городе», «По страницам географии Казахстана»және тағы да басқа электронды оқу құралдарының авторы.

2010 жылы Павлодар облысы бойынша «Алтын қор» кітабының ең үздік ондық қатарына енді.

Дайындаған оқушылары пәндер бойынша мектепішілік және қалалық олимпиада жеңімпаздары, халықаралық, республикалық, облыстық интеллектуалды «Ақбота»,«Кенгуру - математика для всех», «Русский медвежонок, «Золотое руно» сияқты сайыстардың жүлдегерлері. 2011 жылы 3 сынып оқушылары 2 топқа бөлініп «Эрудиты планеты-2011» Х Халықаралық Интернет-олимпиадасына қатысып, үздік нәтиже көрсетіп 2-орынға ие болды, ал 2012 жылы 4 сынып оқушыларының командасы осы сайыста 1 және 3 орындарға ие болды. Сонымен қатар Мәскеу қаласында өткен «Эрудиты планеты – 2012» Халықаралық олимпиадасында қатысушылар жоғары көрсеткіштер көрсетті. 2012 жылы құрамында 20 қатысушысы бар топ Төртінше Ашық Халықаралық чемпионаты жан-жақты марафонның теориялық кезеңінде  1 орынды иеленді.

 Галина Николаевна бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар жазуына көп көңіл бөледі. 2,3 және 4 сынып оқушылары бірнеше мәрте облыстық «Зерде» ғылыми жоба сайысының жүлделі орын иегерлері, ал 3 сынып оқушысы "Лучшая архитектурная работа" номинациясы бойынша «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» сайысының жүлдегері атанды..

2011 жылы «Бастауыш мектепте ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбы ППМБАИ облыс көлемінде мастер-класс бойынша, ашық сабақтары, презентациялары, бастауыш сынып мұғалімдер курстарында жарияланды

Қазақстан Республикасы Білім беру министрілігінің грамотасымен, шығармашылық ынтымақтастық үшін Павлодар облыстық педагог-мамандар біліктілігін арттыру институтының алғыс хатымен, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының мақтау қағазымен марапатталды.