Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ-нің директоры Қорлан Маратқызы Құсбекова
26 мамыр 1963 жылы Павлодар қаласында туылған. 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 1986 жылы орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша диплом алды, 2003 жылы - Павлодар университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша дипломға ие болды. 2003 жылы – бухгалтер-экономист мамандығы бойынша басқару колледжін аяқтады.
Еңбек жолын Павлодар облысы Екібастұз ауданы Комсомол орта мектебінде аға вожатыйлықтан бастады. Орыс тілі және әдебиет мұғалімі,тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары,және оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, әдіскер, мектеп директоры, қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары, қалалық мәслихат аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. 2017 жылдың тамыз айынан бастап – Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ-нің директоры.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 20-жыл мерейтойлық медальмен , «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.
Қабылдау кестесі:
сейсенбі 15.00 - 18.00
бейсенбі 15.00 - 18.00
Сенім телефоны
Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ
8(7182) 621138
E-mail: korlan.1963@mail.ru