
Зор жеңіс: Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның оқушылары «STEM-олимпиада: Білім берудегі инновациялар» халықаралық байқауының облыстық кезеңінде бақ сынаған Павлодар өңірінің 52 командасының арасында үздік нәтиже көрсетті. Тимур Абдиров, Алмаз Мұқұш және Нұрәлі Омардан құралған команда ерекше білім мен практикалық дағдыларды паш етіп, айқын жеңіске қол жеткізді! Біз жас зияткерлерді және олардың жетекшісі Ринат Жумабекович Сыздыковты құттықтап, алдағы істеріне сәттілік тілейміз!