«Қазақстан Білім Олимпиадасы — 2026»: гимназистеріміз күміс және қола медаль жеңіп алды

Гимназия оқушылары мамандандырылған білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Қазақстан Республикасының халықаралық мектептерінің 10–11 сынып оқушыларына арналған «Қазақстан Білім Олимпиадасы» мамандандырылған олимпиадасына қатысты. Гимназистеріміз жоғары сынып оқушыларымен тең дәрежеде сайысқа түсті, ал кейбірі 7 және 9 сыныпта оқи жүріп, 10 сыныптың тапсырмаларын орындады.
Қатысу нәтижелері
Күміс медаль
Мағауия Ілияс, 7 «М» сынып — география (10 сынып үшін)
Қола медаль
Малюгина Алина, 9 «М» сынып — математика (10 сынып үшін)
Мищенко Кристина, 10 «М» сынып — биология
Құрмет грамотасы
Мұрат Әмірхан, 9 «И» сынып — география (10 сынып үшін)
Выдрина Ева, 11 «М» сынып — биология
В.С. Дмитриевті, Б.Ж. Каирбаеваны және Е.О. Цхайды оқушыларының республикалық деңгейдегі интеллектуалдық жарыстағы жеңісімен құттықтаймыз!


