
Менің шағын Отаным
Республика күні қарсаңында «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті. Ол 9-10-сынып оқушылары арасында өткізіліп, олардың зерттеушілік және талдау қабілеттерін дамыту, өлкетану және ел тарихы туралы білімдерін тереңдету, патриоттық, азаматтық жауапкершілік, ұлттық өзін-өзі тану сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
«Менің өлкемнің символдары» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Оразбай Мөлдір жеңімпаз атанды. 10-сынып оқушысы Рогачевская София «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» аталымы бойынша үшінші орын дипломына ие болды.
«Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» аталымы бойынша Ева Витебская мен Диана Сабыржанованың жұмыстары өте мазмұнды және тартымды болды, «Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациясында Артур Суворов қатысты.
Осы жас тарих әуесқойларын табыстарымен құттықтаймыз!